30.03.2024, 9:30
Оқылды: 62

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр БҚО-дағы су тасқыны болған аумақтарды көрді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысына іссапармен келді. Роман Скляр БҚО әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге су тасқыны болған аумақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды өз көзімен көрді. 

IMG-20240330-WA0012

Үкімет басшысының орынбасары көлемі жағынан ауқымды су тасқыны болған Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағын көрді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев тасқынның алдын алуға, халықты қауіпсіз жерге көшіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты.

InShot_20240330_092646866

Қазіргі уақытта облыстың Теректі, Сырым, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында, сондай-ақ, Орал қаласында тасқынға байланысты табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған. Су басқан аумақтар көп мөлшердегі жауын-шашынның салдарынан ұлғая түскен.

Қазіргі уақытта тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүзеге асырылуда. 874 адам эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ-нің мамандары қатысуда. 306 бірлік техника мен 146 мотопомпалар, сондай-ақ, Маңғыстау облысының және ТЖД әскери бөлімдерінің күштері тартылды. Қосымша ҰҚК Шекара қызметінің "МИ-8" екі тікұшағы жұмылдырылды.

Өңірде арнайы комиссия құрылып, келтірілген залал ды есептеу басталды. Р.Скляр барлық бағыттар бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетін болады.

#күшімізбірлікте

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале