ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының жыл бойында іссапарларға қанша уақыт жұмсағаны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Берік Уәли ұсынған инфрогрфикаға сүйенсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың тура 31 күнін сапарларға арнаған.
«Биыл мемлекет басшысы өңірлерде 12 күн, шетелде 19 күн болды», -деп жазылған инфрографикада.
Еске салсақ, қараша айының аяғында Еуропаның брінеше еліне ресми сапармен барып, Бельгия корольдігі мен Швейцария конфедерациясының лауызмды тұлғаларымен кездескен болатын.
Ал 28 желтоқсанда ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне қатысу үшін Ресей Федерацисының Санкт-Петербор қаласына барды.