20.01.2022, 10:40
Оқылды: 52

ҚР Президенті жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік берілетінін айтты

Барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220111124933272e

«Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент жаңа Қазақстан құрудың мақсатын айтты.

«Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деді Қ.Тоқаев.

2201192054315980f

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале