Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Грекияда Қазақстан азаматтары отшашу жасап, орман өртеді», - деген ақпарат тараған еді. Грекия полициясы ұсталғандар арасында отандастарымыздың жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: министрліктен
Ал Италияда отандасымыз вандализм үшін ұсталды. Ол тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазған. Ер адам келтірілген шығынды өтеуі керек.
Сыртқы істер министрлігі азаматтарға туризм мәдениетін сақтауды және баратын елінің заң-талаптарын алдын ала біліп, бұзбауға шақырды.