6.03.2023, 11:00
Оқылды: 10

ҚР Ұлттық архиві атақты қазақ әйелдерінің жеке қорларынан алынған құжаттармен толықтырылды

Халықаралық әйелдер күніне орай ҚР Ұлттық мұрағатында «Әйелдің әсем әлемі» атты салтанатты шара өтті. Шара аясында архив қорына Роза Мұқанова, Лейло Бекназар-Ханинга және Күнсұлу Закарияның жеке қорларынан құжаттар енгізілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 

c8bf920aa25647eb1fab31be55ddf1f5_1280x720

Роза Мұқанова-жазушы, сценарист, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық кинофестивальдердің бірнеше дүркін лауреаты. Оның «Мәңгілік бала бейне» пьесасы 18 жыл қатарынан театр сахнасынан түспеді және көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Лейло Бекназар-Ханинга- көптеген қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, профессор.

23b64acc4bf1b771a52995ef3a9431ae_1280x720

Күнсұлу Закария-биология ғылымдарының докторы, профессор, жаратылыстану ғылымдары Академиясының толыққанды мүшесі, Ресей Федерациясы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі. Ол 200-ден астам ғылыми жобаның авторы. Ол QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны жасаушылардың бірі.

7b51091b8fcdd0c0443e47eccba890aa_1280x720

«Бүгін біз ғылым мен өнерге баға жетпес үлес қосқан үш көрнекті әйелге құрмет көрсетіп отырмыз. Біз бұл жәдігерлерді қорғауға міндеттіміз. Бүгін біздің архивімізді толықтырған құжаттар келесі ұрпақ үшін ерекше тарихи құндылыққа ие болатынына сенімдімін», - деді ҚР МСМ архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Шара аясында үш көрнекті қайраткердің жеке қорынан экспонаттар қойылған көрме де өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале