19 мамыр – ҚР Ұлттық ұланының “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы қысқы оқу кезеңінің бақылау тексерісі басталды.

Тексеру барысында әскери қызметшілер атыс даярлығы, дене шынықтыру даярлығы, сондай-ақ мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша нормативтер тапсырып, білім деңгейін көрсетуде. Сонымен қатар, жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі мен бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылдары бағалануда.

Бақылау тексеріс – әскери бөлімдердің қысқы кезеңдегі оқу-жауынгерлік даярлық бойынша жетістіктерін саралап, алдағы жазғы оқу кезеңіне нақты міндеттер қоюды көздейді.


Айта кетейік, бұл тексеріс “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.
ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі