29.11.2023, 16:00
Оқылды: 38

Креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отыр

Креативті индустрия саласындағы стартап жоба қазақ музыкалық мұрасына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

7cd7a8ff7126d1c9424329562a3b2008_1280x720
Соңғы жылдары Қазақстанда бай музыкалық мұраны сақтауға және заманауи музыканы насихаттауға бағытталған көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

Осы бағыттағы ең табысты жобалардың бірі – Нуми Мусалиеваның «Sazalem» жобасы болып табылады.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Нумидың командасы қазақстандық орындаушылардың заманауи және классикалық музыка «Sazalem» мобильді платформасын әзірлеуде. Бір жыл ішінде жобаның дерекқоры 25 мыңнан астам шығармаларға толды, оларды платформа қолданушылары 1 миллионнан астам рет жүктеген. Әзірлеушілер «Sazalem» жобасын Қазақстанның бай мәдени мұрасын жинайтын және сақтайтын, сондай-ақ, оны әлемге танымал және қолжетімді ететін музыка мен шығармалардың онлайн платформасына айналдыруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрия саласын қолдау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеп жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол картасы шеңберінде 2022 жылғы желтоқсан - 2023 жылғы ақпан айларында креативті жобалар питчингтері өткізіліп, 200-ден астам адам оқытылған.

Креативті индустрия салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 10 жылда 74,2 мың адамға артып, 285 мыңға жуық адамға жеткен.

Олардың көбісі Алматы (7,3%), Астана (6,4%) және Батыс Қазақстан облысында (4%) тіркелген. Жалпы бұл салада 32 мың кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Алматы, Шымкент, Атырау, Астана және Түркістан қалаларында 15-тен астам креативті хабтар мен орталықтар құрылған.

Министрлік сонымен қатар креативті индустрияны дамыту қорын құруды жоспарлап отыр.

Оның мақсаты креативті индустриялар саласына қолдау көрсету, таланттарды қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға және коммерцияландыруға жәрдемдесу болады. Қазіргі уақытта Қордың жұмыс істеу тәсілдері пысықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале