Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 12 өңірдегі су тасуынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы тапсырмасы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп зардап шеккен азаматтарды, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асырып жатыр.
Зардап шеккен қарыз алушыларға көмек көрсету шеңберінде банктер мен МҚҰ мынадай шараларды іске асырады:
- жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасуынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредит бойынша төлем автоматты түрде 1 сәуір мен 30 маусым аралығында үш ай мерзімге кейінге қалдырылады;
– зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасуы салдарының әсеріне байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді;
- шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан су тасуынан зардап шеккен барлық дара кәсіпкерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне олар берген өтінішті ескере отырып, кредит бойынша төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.
Банктер мен МҚҰ әрбір зардап шеккен қарыз алушыға мүлікке және жеке шаруашылыққа, қарыз алушылардың кірістері мен қаржылық жағдайына келтірілген залалдың әсерін бағалау үшін жеке талдау жүргізеді. Оның негізінде кредиттер бойынша қосымша дербес қолдау көрсету шаралары айқындалады.
Қарыз алушыларға көмек көрсету шаралары туралы зардап шеккен азаматтар мен кәсіпкерлерге хабарлау мақсатында әлеуметтік желілердегі кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі жарияланады.
Қарыз алушыларға өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін банктер мен МҚҰ зардап шеккен қарыз алушылардың өтініштерді қашықтан беру сервисін іске асырады.