13.01.2026, 13:00
Оқылды: 40

Кредит кешіріліп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде несиенің кешірілетініне қатысты ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

BCc 
Сурет: BAQ.KZ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

- Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз, - деп жауап берді агенттік.

Қазіргі таңда елімізде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та тіпті кейбір азаматтар “өтініш жазып беремін” деп қызметтеріне қосымша ақы сұрап жатқанын айтты.

- Несие кешіріліп жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң ғана бар. Оның да өзіндік шарттары бар, - деді депутат.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын сала кетейік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале