Қарыз алу шартына қол қойған кезде қарыз алушы оның барлық талаптарын қабылдайды және оның орындалуы үшін жауапкершілікті өзіне алады.Шарт талаптарымен мұқият таныспау? қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мынадай тармақтарды мұқият тексеруді ұсынады:
1) Шарттың титулдық беті: онда негізгі ақпарат бар, қарыз сомасы мен мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ), өтеу әдісі, мерзімінен бұрын өтеу шарттары, айыппұлдар мен өсімпұлдардың мөлшері.
2) Кредиттің толық құны: ай сайынғы төлемдерді, комиссияларды және сақтандыру сыйлықақыларын қоса алғанда, барлық төлемдермен қарыздың толық құны қанша болатынын мұқият бағалау керек.
3) Ең қолайлы өтеу әдісін таңдаңыз: аннуитеттік(теңтөлемдер)немесесараланған(төлемдеразаяды).
4) Кредит беру мерзімі:есіңіздеболсын, кредиттеу мерзімі неғұрлым көп болса,артық төлем соғұрлымжоғары болады.Ішінаранемесетолық мерзімінен бұрынөтеушарттарынжәнекомиссиялардыңболуыннақтылаңыз.
5) Айыппұлдар мен комиссиялар: төлем мерзімін кешіктіргені немесе шарттың талаптарын өзгерткені үшін өсімпұлдарменөзге де төлемдерді есептеутәртібінтексеріңіз.
6) Дербес деректер: олардың дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз және оларды өңдеу және үшінші тұлғаларға беру тәртібімен танысыңыз.
7) Шартқа қосымшалар: төлем кестесі және шартқа жадынама қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Шартқа қол қоймас бұрын қаржы ұйымының өкіліне барлық қажетті сұрақтарды қойыңыз. Қажет болса, қосымша кеңес алыңыз.
Кредит бойынша міндеттемелерді орындау кредиттік тарихқа әсер ететінін ұмытпаңыз. Төлемдерді уақтылы төлемеу айыппұлдардың есептелуіне, берешектің өсуіне және қаржылық қызметтерге қолжетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін.
Барынша пайдалы материал Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі