Бүгін Орал қаласы, Круглоозерный ауылының тұрғындары кент әкімін сайлап жатыр. Аталған кентте 4631 сайлаушы тіркелген. Круглоозерный ауылында екі, Серебряков ауылындағы бір учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 6:00 - дан бастап өз жұмыстарына кірісті.

Дауыс беруге алғашқы болып келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сайлау учаскелерінде саяси науқанның әділ өтуін қадағалау мақсатында аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, кандидаттардың сенімді өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Кент әкімі лауазымына үміткер ретінде үш кандидат тіркелген. Үшеуі де сайлауға өз өздерін ұсыну тәртібімен түскен.
Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00 ге дейін жұмыс жасайды. Қай кандидаттың тұрғындардың сеніміне ие болып, кент әкімі ретінде сайланғаны дауыстарды санаудан соң белгілі болады.
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы