17.08.2022, 9:30
Оқылды: 50

"ҚТЖ" филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған - ҚМА

Қарағанды ​​облысы бойынша ҚМА департаменті "ҚТЖ" АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отын ұрлау схемасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2

"ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Ө. Елубайұлына қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол 2021-2022 жылдары локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан аса дизель отыны табылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында "ҚТЖ" АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отынын ұрлау схемасы анықталған.

"Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімі бойынша Елубайұлы кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - делінген хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале