22.12.2023, 12:45
Оқылды: 7

Қуатты өңірлер – қуатты ел: БҚО-да 1000-нан астам жұмыс орны ашылды

Батыс Қазақстан облысы – еліміздің дамыған индустриалды және аграрлық өңірлерінің бірі. Жыл соңында өңірде «Рожковское» ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді.

газ1

Бұл - маңызды оқиға. Жалпы биыл экономиканың негізгі салаларында тұрақты өсуге қол жеткізілді. 2023 жылы облыс түрлі салаларда қандай нәтижелерге қол жеткізгені туралы толығырақ ОКҚ мен ел өңірлерінің бірлескен жобасы аясында дайындалған кезекті материалда.

Өсу мен тұрақтылыққа үміт арту

Батыс Қазақстан облысы еліміздің халқы көгілдір отынмен толықтай қамтамасыз етілген өңірлердің бірі.

Өнеркәсіптік пайдалануға берілген «Рожковское» кен орны қосымша табиғи газ көзіне айналады. Жоба Мемлекет басшысының жаңа газ кен орындарын барлау және игеру жұмыстарына инвестиция тарту туралы тапсырмасын орындау аясында іске асырылып жатыр.

2040 жылға дейін мұнда 14,2 миллиард текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар өңір басқа аспектілері бойынша да тұрақты дамып келеді.

ЗКО 5 каз

2023 жылғы қаңтар-қараша айларында дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң үрдіс байқалады. Өнеркәсіптің көлемі 3160,6 миллиард теңгені немесе 107,4%-ды құрады, бұл тау-кен өндіру өнеркәсібінің 7,7%-ға, өңдеу өнеркәсібінің 7%-ға артуы есебінен мүмкін болды.

Құрылыс көлемі 251,8 миллиард теңгені құрады. Өсу негізінен Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында құбыр салу есебінен қамтамасыз етілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 546,2 миллиард теңгені немесе 122,2%-ды құрады.

ЗКО 8 каз

2023 жылы жалпы құны шамамен 30 млрд теңге болатын 45 жоба жүзеге асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде өнеркәсіпте жалпы құны 12,7 миллиард теңгеден асатын 12 жоба іске асырылып, 335-тен астам жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында кабель орамдарына арналған шентемірлер шығару, силикат кірпіш өндірісін кеңейту, асфальт-бетон зауытын салу және тағы басқасы бар.

Өңірде ШОБ та тұрақты дамып келеді. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21%-ға өсіп, 58 мың бірлікке жетті. Оларда жұмыспен қамтылғандар саны 11%-ға өсіп, 126 мың адамды құрады. Бұл ретте ШОБ жұмысының нәтижесі анық – 1 триллон теңгенің өнімі өндірілді.

Толығырақ: ortcom.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале