21.07.2022, 20:27
Оқылды: 34

Құқықтық актілер бойынша онлайн-вебинар өтпек

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60-бабына сәйкес облыс әкімі мен әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілер бойынша ресми түсіндіруді онлайн-вебинар арқылы өткізіп отырады.

team-meeting-online-conference-call-on-laptop-760x507

Фото дереккөзі: www.mgpu.ru

Осыған орай, нормативтік құқықтық актілер бойынша ресми түсіндіру онлайн-вебинары 2022 жылдың 25 шілдесі сағат 16:00-ге жоспарланып отыр.

Бұл ретте, тұрғындарға облыс мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №37-3 «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешімін (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) және облыс мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімін (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ресми түсіндіру өтеді.

Онлайн-вебинар: https://www.youtube.com/channel/UCw9NBFQmn-vbcjwUq66ePRw?app=desktop сілтемесі арқылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  Youtube арнасындағы каналында өтеді.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале