3.09.2024, 17:38
Оқылды: 164

«Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

"Батыс Қазақстан облысында биылғы жылғы қыркүйектің 2-6 күндері аралығында жергілікті атқарушы органдармен қоғамдағы құқық бұзушылықты анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу бағытында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтңп жатыр. Іс-шараның алғашқы күнінде 15 қылмыс ашылып, алып жүруге тыйым салынған заттармен 3 адам ұсталды, оның ішінде бір тұрғыннан «суық қару» ретінде саналатын зат пен 1 атыс қаруы тәркіленді", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 18.09.54 (1)

Криминалдық полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 1 қылмыскерді ұстады.

Тәртіп сақшылары акцияның алғашқы күнінде 335 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 4 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 49 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы), шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін - 6 (ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) — 3 тұлғаға хаттама толтырылды.

WhatsApp Image 2024-09-03 at 18.09.54

Сонымен қатар, ЖПІШ барысында Бөкейордасы аудандық полиция бөлімінің 1990 жылы туылған ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде бұрын тіркелмеген 16 калибрлі «БМ» маркалы қос ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале