27.11.2023, 12:30
Оқылды: 40

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасы: БҚО-да 26 шетел азаматы ұсталды

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД қызметкерлері Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтау ережелерін тексеру мақсатында рейд жүргізіп жатыр.

IMG-20231127-WA0080

БҚО полиция депаратменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдік азаматтар жиналған орындар, яғни, құрылыс обьектілері, тамақтану орындары, базарлар, қонақ үйлер және тағы басқа орындар тексерілген.

Іс-шараның жеті күнінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 26 шетел азаматы, оның ішінде Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан және РФ азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ БҚО ПД Көші-қон заңнамасының қызметкерлері БҚО бойынша ҚР ҰҚКД Шекара қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының азаматын және Сирия елінің азаматын ұстады. Олар мемлекеттік шекара режимін бұзып, өткізу пунктін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған.
Аталған факті негізінде барлық шетел азаматы РҚ ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаркершілікке тартылған.

БҚО Бөрлі аудандық сотының шешімімен ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы берілген.
Қазіргі уақытта шетелдіктер елімізден шығарылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале