Майо клиникасының дәрігерлері күлкі денсаулықты жақсаратынын айтты. Publimetro басылымы күлкінің денсаулыққа күтпеген әсері туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: istockphoto.com
Дәрігерлердің айтуынша, күлкі денсаулыққа қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де оң әсер етеді. Алғашқысына ағза мен тіндерді оттегімен қамтамасыз ету, күйзеліске реакцияның төмендеуі, қан айналымының жақсаруы және бұлшықеттердің босаңсуы жатады.
Мамандар күлкінің денсаулыққа ұзақ мерзімді әсері туралы да айтқан. Олардың сөзінше, күлкі ауырсынуды жеңілдетеді, иммунитетті нығайтады, көңіл күйді көтереді және психикалық бұзылыстың пайда болу қаупін азайтады.
Сондықтан дәрігерлер күлкілі суреттерді, мемдерді, фильмдер мен журналдарды мүмкіндігінше жиі қарауды ұсынды.