19.07.2024, 17:45
Оқылды: 62

Құмар ойындарға қатысуын өз бетінше шектеген тізімде 150 мыңнан астам адам бар

Ойын бизнесі мәселелері туралы жаңа Заңға сәйкес жеке тұлғаларды құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеудің ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл жөнінде ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

C73457C1-557E-4797-8447-B9FAD89F1B8D

Сурет: ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен

«Бүгінде тізімде 150 мыңнан астам адам бар. Норма қоғамның көңіл-күйін көрсетеді. Министрлікке жүздеген азаматтан өздерін немесе жақындарын ұзақ мерзімге шектеу туралы өтініштер келіп түседі, яғни 1 жыл жеткіліксіз», - деді ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Мемлекеттік және әскери қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

«Құмар ойындарға қатысу және бәс тігу заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тізіміне енгізілген. Тыйымның орындалуын мемлекеттік органдардың кадр қызметі, Антикор және Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қадағалайды», - деді спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале