6.11.2023, 17:00
Оқылды: 42

Күн жылиды: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жп астана (15)

Болжам бойынша, барика түзілімдерінің өзгеруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына әсер етеді. Жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, 8-9 қарашада республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 9 қарашада толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

"Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 0-8 аяздан 0-5 аязға дейін ауа температурасы көтеріледі, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяздан 5 градус, 3-10 градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале