19.12.2023, 16:30
Оқылды: 52

Құнанбайға араша түскен қайраткер кім?

Белгілі Алаш қозғалысының қайраткері Шаймерден Қосшұғылұлы патшадан Құнанбай Ырғызбайұлына арашаға сұраған адам.

жп дала

Жас шағында ауыл молдасынан хат танып, кейін Науан хазірет медресесінде оқып, діни білімін Бұхарада жалғастырған Шаймерден Қосшығұлұлы заманының ұстазы болған кісі.

Кезінде Ресейдің шоқындыру саясатына қарсы ашық күрескендердің бірі. 1903 жылы патша режимінің Құнанбайды қудалаған тұсында патшаға екі мәрте хат жазып араша сұрағандардың ішінде болады.

Осы күресі үшін Науырызбай (Науан) Таласұлы екеуі абақтыға жабылып Якутияға жер аударылады. Шаймерденге 5 жыл, Науанға 3 жыл жер аудару үкімі шығады.

Осы заңсыздықты Әлихан Бөкейханов пен Мұхамеджан Сералин жоғарыдағы жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп, бірнеше министрдің қабылдауында болып ақыры 1905 жылы оларды абақтыдан босатып алады.

Елге келген соң 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері кезінде Алаш қозғалысына қатысып, 1918 жылы Қызылжарда Алаш комитеті құрылғанда, оның төрағасы болады.

Алайда билікті қолдарына алған кеңес үкіметі оны «діндар», «алашшыл» «қауіпті элемент» деп, айыптап 1931 жылы тұтқынға алады. Есіл ер 1932 жылы Омбы түрмесінде қайтыс болады.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале