20.06.2025, 13:00
Оқылды: 121

Күніне қанша мөлшерде тұз тұтынған дұрыс?

Тұзды тұтынуды шектеу керек. Бұл туралы гастроэнтеролог Юлия Сластен айтты. Маман күнделікті қанша мөлшерде тұз тұтынуға болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Crystals of shallow salt in a scoop, spoon on a dark gray table. Background for advertising salt. Table salty. Salted food

Сурет: istockphoto.com

Дәрігер көп пікірге қарамастан, тұзды рационнан толық алып тастауға болмайтынын жеткізді, өйткені ол су балансын сақтайды, жасушааралық сұйықтықтар мен сүйектердің бір бөлігі саналады.

 "Бірақ кез келген басқа өнім сияқты тұзды да есеппен тұтыну керек: күніне 10-12 грамнан артық емес", - деді Юлия Сластен.

Гастроэнтеролог нан, ірімшік, шұжық және жартылай фабрикаттар адам тұтынатын тұз мөлшерін арттыратынын айтты.

Тұз буындарға теріс әсер етеді, қан қысымын арттырады, жүрек-тамыр жүйесіне салмақ салады, инсульт қаупін арттырады, сонымен қатар, асқазан-ішек жолдары аурулары пайда болуына әкеп соғады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале