Сәуір айының 18-22 күндері Семей қаласында жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен 450-ден астам балуан 16 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Ерлер мен әйелдер арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Батыс Қазақстан облысы ПД ЖҚАЖ полиция қызметкері полиция аға лейтенанты Құралай Қабырайқызы 54 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Алдағы уақытта ержүрек қыз Азия, Әлем чемпионатында және Дүниежүзілік ойындарда ел намысын қорғайды.