19.01.2022, 9:30
Оқылды: 23

Құрметті демалыстамын, ешқайда кеткен жоқпын – Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үндеуінде елдегі қиын кезеңде өзінің қайда болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

F1C4F412-10EA-404C-B06E-F93714B299BA

«Маған келіп жатқан көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға байланысты айтарым мынау. Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын», - деді ол халыққа жасаған бейнеүндеуінде.

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің тізгіні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында екенін еске салады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық билікке ие. Ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитаның ішінде ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл төңіректегі қауесеттер мүлдем негізсіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале