24.09.2024, 10:45
Оқылды: 43

І курс студенттерінің стипендиясы кешігіп түседі

«Қаржы орталығы» екі айдың шәкіртақысы қазан айының соңында төленетінін мәлімдеді.

Жаңа оқу жылының шәкіртақысы Үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді. Ал ол уақыт қазан айының іші болады, деп жазды Ұлттық арна.

жп акша Әлішер Уалитханов (1)

Айта кетейік, биылғы оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы өсті.

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтарына — 43 574 теңге, орта буын мамандары үшін — 41 896 теңге болды.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале