21.02.2021, 0:12
Оқылды: 36

Құрылыс үшін оталған ағаштардың өтеуі қайда?

a5c40527f421736490346028f675bad7

Бүгін халық алдындағы жылдық есебі кезінде облыс әкімінен Орал қаласының тұрғыны кесіліп жатқан ағаштардың орнына көшеттер қалай отырғызылып жатқанын сұрады.

"Қала ішіне жаңа құрылыс үшін ағаштар оталады. Әр ағаштың орнына 5-6 көшет отырғызылуы тиіс деп айтылды. Құрылыс компанияларының уәдесі сөз жүзінда қала бере ме? Қандай шаралар қолданылады, бұған кім жауап береді?" деген сауал қойылды тұрғын.

-Баяндамамда ағаштар рұқсатпен не рұқсатсыз кесілетінін айтып өттім. Рұқсатсыз кесілсе жауапты органдар деректі анықтап, шара қабылдайды. Рұқсатпен кесілсе, әр кесілген ағаштың орнына 8-10 тал егулері міндеттеледі. Бұл жайлы жаңа заң шықты. Екінші мәселе – ол талдардың өсіп кетуі. Жұмыстар атқарылып жатқанымен жүйелі түрде барлық облыс көлемінде жүргізілмеуі мүмкін. Табиғи ресурстар басқармасына бұл мәселемен дұрыстап айналысуды тапсырамын. Күтім болмаса жас талдар өспейтіні анық. Келтірілген залал орнына егілген талдар үшін арнайы жер бөліп, оны күтушілерге әлгі компаниялар аз да болса ақысын төлеуі керек. Арнайы жер бөлгенде әкімдіктер қадағалай алатын жерлерден бөлуді ескеру қажет, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Ғали Есқалиев бүгінгі баяндамасында Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жоспарында биылдан бастап 2025 жылға дейін 57 миллион тал егу айтылғанына тоқталды.

zhaikpress.kz

сурет nk-online.ru сайтынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале