ҚР Мәжіліс депутаттарыны депутаттық сауалына жауап берген Премьер-министр Асқар Мамин құтқарушыларды әлеуметтік қорғау шараларын жақсарту шараларына түсініктеме берді.
«Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен құтқарушыларды әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын жақсарту туралы сауалдарыңыз бойынша мынаны хабарлаймын. Қазір азаматтық қорғаныс органдарында әскери шен берілетін әскери қызметкер мәртебесі қызметтік міндеті азаматтық қорғаныс жүейсін дамытумен байланысты лауазымдар санатына ғана беріледі», - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.
Яғни, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеріп жүрген азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлеріне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнаулы атақтары тиісті Ол жеңілдіктерге еңбек сіңірген жылдары үшін жеңілдікті зейнетақы төлемдері, қаза тапқан немесе мертіккен жағдайларда отбасына ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер, медициналық және санаторий-курорттық жеңілдіктер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте басапана беру, сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы төлеу сияқты шаралар жатқызылған.
«Азаматтық қорғаныс органдарының құтқарушыларына қызмет сыныбы, әрдайым тқтенше жағдайға шығуға дайын жүретіні, радиостанциялармен жұмыс істегені, тым жоғары немесе тым төмен температураларда жұмыс істегені, қаза тапқандардың денелерімен немесе мәйіт бөлшектерімен жиі бет-бет келетін психикалық-эмоционалды жүктемесі үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар көзделген. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері мен құтқарушыларын әлеуметтік қамсыздардыру шарттарын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде» делінген Премьер-Министрдің жауабында.
Үкімет басшысының депуттарға берген мәліметі бойынша, аталған әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіретін норма жобасы Мәжәлістің қарауныда жатыр. Ол құжат бойынша енді құтқарушылар өздері тұрып жатқан қызметтік баспананы меншікке қарату тетіткері қарастырылған.
«Үкіметтің 2021 жылғы 22 шілдедегі №505 қаулысымен Парламент Мәжілісіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында құқық қорғау органдары, оның ішінде азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктерін жақсартуға бағытталған түзетулер көзделген. Бұл – өздері тұрып жатқан тұрғын үйлерді меншікке алу, қызметкерлердің балаларына мектепке дейінгі балалар мекемелерінде кезектен тыс орын беру, қызметкер ауруы салдарынан қайтыс болған жағдайда өтемақы төлеу мәселелері», - деп жазады Асқар Мамин.
Дереккөз: ҚазАқпарат