ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың мәліметінше, жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 250 адам құтқарылды, оның ішінде 63 бала.
«Құтқарылғандардың көбі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған, олардың әрқайсысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
ҚР ТЖМ өкілі демалушыларға арналған бірқатар міндеттерді атап өтті.
«Балаларды судың жанында қараусыз қалдырмаңыз және олардың өздігінен шомылуына жол бермеңіз; тыйым салу белгілері орнатылған және мас күйінде бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға немесе суға түсуге болмайды; жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз; қайықтардың жанында жүзбеңіз. Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды», - деді комитеті төрағасының орынбасары.
Негізінен демалушылар келесі себептерге байланысты батып кетеді: өз күштерін асыра бағалайды, балаларды қараусыз қалдырады, көбінесе мас күйінде шомылады.