«Кувейт өзінің өтінімінде АӨСШК-ге мүше мемлекет ретінде қосылуға ниет білдірді және АӨСШК шеңберінде қабылданған немесе қол қойылған қағидаттар мен шешімдерді сақтауға дайын екенін білдірді. Кувейт АӨСШК Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті. АӨСШК қызметін одан әрі дамытуға қолдау көрсету ниетін атап өтті. АӨСШК төрағалығы Кувейттің осы ұйымға мүше болу туралы өтінішін толығымен қолдайды», - деді Мемлекет басшысы.
«Аға лауазымды тұлғалар комитеті 2022 жылдың 10-11 қазанындағы отырыста Кувейтке АӨСШК-ге мүше мемлекет мәртебесін беруді ұсынды. АӨСШК регламентінің 11.3-тармағына сәйкес, мүшелік мәртебесі кандидат АӨСШК-нің екі негізгі құжатына (1999 жылғы 14 қыркүйектегі мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар туралы декларация және 2002 жылғы 4 маусымдағы Алматы актісі) қол қойғаннан кейін берілуі мүмкін. Кувейт бұл екі құжатқа 2022 жылдың 11 қазанында қол қойғанын хабарлағым келеді. Сондықтан, мен Кувейтті АӨСШК-ге мүше мемлекет ретінде қосу туралы шешім жобасын қабылдауды ұсынамын», - деген Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетін ұйымға 28-і мүше мемлекет болуымен құттықтады