9.10.2025, 14:30
Оқылды: 83

Күзде жиі шаршап жүрсеңіз, қандай белгілерге назар аудару керек?

Күзде жиі шаршайсыз ба? Түнде жақсы ұйықтасаңыз да, энергияңыз тез таусыла ма? Көпшілік мұны күздегі көңіл-күйдің өзгерісі немесе күннің қысқаруы деп түсінеді. Мәселе мүлдем басқа нәрседе болуы мүмкін. Бұл туралы Санкт-Петербургтегі СМ-Клиника эндокринологы Анастасия Калмурзина айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Күз Орал ЖП

Күзде шаршаудың ерекшеліктері:

  • Уақытша: демалған соң, таза ауада серуендегенде немесе жақсы ұйықтағанда энергия қалпына келеді.
  • Жағымсыз физикалық белгілер болмайды: күнделікті өмірге елеулі кедергі жасамайды.
  • Емдеуді қажет етпейді: дұрыс күн тәртібі, тамақ, қозғалыс пен жарық терапиясы көмектеседі.

Ал егер мәселе денсаулықта болса?

Қалқанша без дұрыс жұмыс істемесе, адам мүлде басқаша шаршайды:

  • Демалған соң да шаршау басылмайды.
  • Күнделікті өмірге әсер етеді: жұмысқа бару, үй шаруасын жасау қиын.
  • Басқа белгілер қосылады: салмақ қосу немесе азаю, жүрек соғысының жиілеуі немесе баяулауы, суыққа төзбеушілік, терлеу, тітіркенгіштік, шаш түсу, көңіл-күй төмендеуі.

Мұндай жағдайда міндетті түрде эндокринологқа қаралу және арнайы ем алу керек.

Негізгі белгілер:

Гипотиреоз (гормон жетіспеушілігі):

  • Демалған соң да шаршау басылмайды
  • Суыққа төзбеу
  • Жүрек соғысы баяу (<56 соққы/мин)
  • Құрғақ тері, бетте ісіну
  • Іш қату, салмақ қосу
  • Сөйлеу мен ой баяулайды, шаш түсу, көңіл-күй төмендеу

Тиреотоксикоз (гормон артықшылығы):

  • Жүрек соғысы жиілейді, пульс тұрақсыз
  • Терлеу, ыстыққа төзбеушілік
  • Қол дірілдеуі (тремор)
  • Ашуланғыштық, қобалжу
  • Ұйқы бұзылысы
  • Салмақ азаю, диарея, бұлшықет әлсіздігі
  • Грейвс ауруында көздің шығуы (экзофтальм)

Әйелдерде бұл белгілерге айлық циклдің бұзылуы қосылуы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале