Күздегі ең пайдалы өнім - қырыққабат. Ол С дәруменіне бай, ал оның шырыны қабынуға қарсы әсерге ие. Бұл туралы РИА Новости басылымына берген сұхбатында терапевт Анастасия Якимова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күздің басты өнімі - қырыққабат. Оның құрамында С дәрумені лимондағыдан да көп. 100 грамында тәулік нормасының 70 пайызына дейін бар", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, қырыққабат шырыны бұрын жара жазуға және асқазан қабынуын емдеуге қолданылған.
"Қырыққабат жапырақтарында С, К дәрумендері, В тобының дәрумендері, органикалық қышқылдар, сондай-ақ, микробтарға қарсы әсер ететін фитонцидтер бар. Қырыққабат жапырағы ауырсынуды басып, ісікті қайтаруға қабілетті деп есептелген. Қазіргі зерттеулер де қырыққабат шырынының қабынуға қарсы әсерін растайды", - деді ол.