6.01.2021, 10:09
Оқылды: 24

ҚХП еңбек жағдайларының жақсарғанын қалайды

5 қаңтарда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар елордадағы электр-техникалық зауытқа барды.

IMG-20210106-WA0000

Спикерлер партия бағдарламасын түсіндіріп, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбеккерлердің құқықтарын қорғау және қолдау жөніндегі негізгі тармақтар мен тезистерге назар аударды.

– Белгілі болғандай, Қазақстан Халық партиясының басшысы Айқын Қоңыров теледебаттар кезінде экономикалық реформалар, Қазақстанда халық экономикасын құру қажеттігіне назар аударды. Біз елдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай шенеуніктер айтқаннан әлдеқайда басқа екенін жақсы білеміз. Әзірге бізде квазимемлекеттік, трансұлттық компаниялар басым. Ал экономиканың нақты секторы дамымай отыр, - деген пікір білдірді депутаттыққа кандидат Жамбыл Ахметбеков.

ҚХП мүшелері мемлекет экономиканы дамытудың жаңа моделін қабылдауы тиіс деп санайды. Ол халықтық болуы керек.

IMG-20210106-WA0002

– Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығы қоғамның өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және экспортты әртараптандыру бағытында экономиканы құрылымдық қайта құру үшін салаларды дамыту жөніндегі шаралармен қолдау табатын болады. Отандық кәсіпорындар өнім сапасын жақсарту, сұранысты арттыру үшін үнемі жұмыс істеуі керек. Жұмыс берушілерді ынталандыру тетіктері мен құралдары қажет, - деді ҚХП мүшесі Жамбыл Ахметбеков.

Кездесуге қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС-індегі еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.

Іс-шара ҚХП сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале