8.01.2021, 17:09
Оқылды: 22

ҚХП жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын енгізеді

7 қаңтар күні Таразда Қазақстан Халық партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Шалғынбаева» ЖК ағаш өңдеу өндірісіне барды. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу үгіт науқаны аясында өтті. Партия мүшелері ҚХП сайлауалды бағдарламасының отандық өндірістердегі еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған негізгі тармақтары туралы айтып берді.

х2

Әрбір қазақстандық толық еңбекпен қамтылуға құқылы. Бұл құқық жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуі немесе лайықты өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жәрдемақылармен өтелуге тиіс. Қазақстан Халық партиясы жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасын енгізуге ниетті. Бұл мемлекет пен қазақстандықтардың мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара міндеттемелер мен өзара жауапкершілік мәселелері қайта қаралуы тиіс, - деп атап өтті Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жанат Бастаубаева.

Ол Қазақстан экономикасы халық үшін жұмыс істейтініне сенім білдірді.

– Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығы қоғамның өмірлік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында экономиканы құрылымдық қайта құру үшін салаларды дамыту жөніндегі шаралармен қолдау табатын болады. Еңбек өнімділігін және экспортты әртараптандыруды арттыру қажет. Әлемдік дағдарыс инновациялар мен өткізу және қызмет көрсету нарықтарында жаңа қатысушылар құру үшін мүмкіндіктерді ашады, - деді Жанат Бастаубаева.

Кездесу барысында ҚХП мүшелері Қазақстанда несие рақымшылығын жасау қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

– Несие рақымшылығын жүргізу туралы шешім көптеген азаматтарымызға және жалпы экономикаға оң әсер етер еді. ҚХП шектеу шаралары енгізілгенге дейін салықтарды дұрыс төлеген, бірақ төтенше жағдай мен карантин салдарынан қиын жағдайға тап болған жеке және заңды тұлғаларға несие рақымшылығын жасауды ұсынады. Біз бір реттік несие рақымшылығын жүргізуді талап етеміз, - деп атап өтті Қазақстан Халық партиясының атынан депутаттыққа кандидаттар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале