16.03.2017, 12:26
Оқылды: 63

Қылмыстық құқық бұзушылық картасының пайдасы зор

????????????????????????????????????

  Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша Мемлекет басшысының соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша қылмыстық құқық бұзушылық картасы дайындалған болатын. Осынау тақырып аясында БҚО ІІД Орал қалалық Ішкі істер басқармасында семинар-кеңес болып өтті.


  Кеңеске Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша Комитетінің  БҚО бойынша басқармасының бастығы Жанат Нұрмағамбетова және сол басқарманың құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы Ержан Мұхитов және ІІД басшылығы қатысты.

  Аталған қылмыстық құқық бұзушылық картасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша Комитетінің ведомстволық порталында орналастырылған. Мұнда облыс орталығының көшелерінде жасалған қылмыстардың барлығы белгіленген. Бұл карта мынадай тәртіппен жүзеге асады: қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді деректер базасына тіркеп және енгізген соң автоматты түрде географиялық картада көрсетіледі. Аталған карта арқылы қазіргі күні тіркеліп отырған қылмыстар мен құқық бұзуылықтардың санын, олардың жасалу орны, тіпті аудан, көше, үйіне дейінгі ақпарат туралы мәлімет алуға болады. Алайда қазіргі уақытта картаны қолдану мүмкінділігі және сыртқы патрульдеу қызмет маршруттарына тиісті түзету енгізуде бірқатар проблемалық мәселелер бар. Бұл жөнінде кеңеске қатысушылар өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салды.

 - Жобаның мақсаты - ашық қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер арқылы қоғамды ақпараттандырып, азаматтарды сақтандыру. Жүйеге кіре отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылық орындары туралы ақпаратты ала аласыз. Сондай-ақ, егер сіз картаға тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетсеңіз, сіздің электронды поштаңызға  сіздің ауданда тіркелген қылмыстар туралы ақпарат келіп тұрады. Интерактивті карта арқылы құқық қорғау органдарына профилактикалық шара қолданудың нақты бағыттарын көрсетуге, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жауапты бөліністі дұрыс жіберуге мүмкіндік берсе, ал жеке тұлғаларға жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануға болады. Бұл картаның қазіргі уақытта маңызы зор. Бұл картаны іске қосу үшін ішкі істер органдарының қызметкерелерімен бірнеше семинар кеңестері өткізілген болатын, десе де, әлі де патрульдеу маршруттарына өзгерістер енгізілуде», - деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша Комитетінің  БҚО бойынша басқармасының бастығы Жанат Жандуллақызы.  Жиын барысында кеңеске қатысушылар аталған тақырып аясында өзекті, көкейкесті сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасып, кемшін тұстарды назарға алып, түзеуге алуға сөз берісті.

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале