5.10.2021, 14:40
Оқылды: 28

Қылмыстық топ Бахрейнге кәмелетке толмаған қыздарды да жіберіп отырған - ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, биылғы 9 айда адам саудасына қатысы бар 78 іс сотқа жолданған.

199CFF01-D5A9-4D0C-99CF-B4A9DBDB1967

«Биылғы 9 айда ішкі адам саудасына қатысты 200 қылмыстық іс болды. Оның ішінде 78-і сотқа жолданды. Қалғандары бойынша тергеу жалғасып жатыр. 26 адамға қатысты әртүрлі жазаны тағайындай отырып, айыптау үкімі шығарылды», - деген тергеу департаментінің бастығы соңғы үш жылда жыл сайын адам саудасының 90 құрбаны анықталғанын атады.

«Оның 20-сы мәжбүрлі еңбекке тартылған», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. ІІМ өкілінің сөзіне қарағанда, «адам экспорты» Азиядағы 6 елге бағытталып отырған.

«Бұл ретте Катар, Индонезия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Оңтүстік Кореяда пайдалану мақсатын көздейтін сегіз арна, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан адам әкелетін екі импорт дәлізі жойылды. Мысалы, биыл біз Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан құралған 19 адамдық трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты тергеуді аяқтадық. Бахрейнге жыныстық қанау үшін тартылғандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Зардап шеккендердің жалпы саны 39-ға жетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», - деді Санжар Әділов.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале