Күн санап кезекті Жеңіс күні де таяп келеді. Жеңіс сағатының соғып, Жеңіс туының желбірегеніне 76 жыл өтсе де, миллиондаған адамның ғажап ерлігінің символы болып қалған жылдар тарих беттерінен ешқашан өшпек емес. Біздің отандастарымыз майдан мен тылда жанкештілікпен ауыр күндерді бастан өткізіп, Отан алдындағы өздерінің перзенттік парызын абыроймен өтеді. Бүгінгі ашық аспан, бейбіт заман үшін майдангерлер мен тыл ардагерлері алдында біз мәңгі қарыздармыз.
Біз облыстың барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, сонымен бірге өзіміздің Бөрлі ауданының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Михаил Иванович Шепельді Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Айналаңыздан мейірім мен шуақ кетпесін, үнемі жас ұрпақтың қамқорлығына бөлене беріңіздер! Дендеріңіз сау болып, ұзақ жасаңыздар. Аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Құрметпен, Бөрлі ауданының әкімі
Миржан Сатқанов
Биылғы 9 мамыр – Жеңіс күнінің қарсаңында «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінен арамыздағы жеңімпаздардың өмір дерегін, қан майдандағы жанқиярлық ерлігі мен бейбіт күнгі жасампаз еңбегі жайлы оқи жүріңіздер. Газеттерімізге ардагерлер жайлы мақалалар мен құттықтаулар берулеріңізге болады.
zhaikpress