5.11.2024, 10:15
Оқылды: 43

Кёрлингтен Қазақстан әйелдер және ерлер командасы пан-континенталь чемпионатында жүлде жеңіп алды

Канаданың Лакомб қаласында кёрлингтен ерлер және әйелдер арасында Пан-Континенталь чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_0790

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның 2 командасы «В» дивизионында сынға түсті. Ерлер арасында барлығы 19 команда қатысты, соның ішінде «А» тобында 8, ал «В» тобында 11 команда. Қазақстан 10 ойынның 8-інде жеңіп, 2 кездесуде қарсыласқа жол берді. Финалда Филиппин командасына 9-3 есебімен жеңіліп, екінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасының сапында Абылайхан Жүзбай (свип), Мадияр Қорабаев, Айдос Аллияр, Ибрагим Тастемір, Арман Иржанов ойнады.

Әйелдер арасында жалпы 16 команда сынға түсті: «А» тобында 8, «В» тобында 8 команда.

Қазақстан командасы 7 ойынның 6-ауында жеңіп, 1 кездесуде ұтылып қалды. Финалда Филиппин командасымен шеберлік байқасып, 4-10 есебімен есе жіберіп, 3-орынға тұрақтады. Команда құрамы:

Ангелина Эбауер Ангелина (свип), Тылсымай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір, Яна Эбауер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале