Қырғызстан басқа елдердің төлқұжаттарын шығара бастады. Бұл туралы бүгін Қырғыз Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы Қаныбек Тұманбаев мәлім етті, деп хабарлайды Кabar ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Фото: Кabar
Оның айтуынша, Қырғыз Республикасы өткен жылдан бастап жалпы азаматтық төлқұжаттарды өзі шығара бастаған.
- Бұдан басқа, біз тағы екі мемлекеттің төлқұжатын дайындауға тапсырыс алдық. Бұрын басқа елдерде төлқұжатты ақша төлеп рәсімдейтін болсақ, қазір басқа елдер бізге тапсырыспен жүгініп жатыр, - деп баяндады Тұманбаев.
Бұған дейін Қазақстанда төлқұжатты тегін алатын азаматтардың 9 санатын жариялаған болатынбыз.
Kazinform үшін арнайы Кabar серіктес агенттігі ұсынған.