13.03.2022, 12:20
Оқылды: 218

Қырғызстан доллар валютасын елден шығаруға тыйым салды

Қырғызстанның Ұлттық банкі коммерциялық банктер, айырбастау бюролары, микроқаржы және микрокредиттік компаниялар арқылы қолма-қол доллар валютасын елден шығаруға уақытша тыйым салды.

70D3DEA6-CFA6-430E-A244-C14FA30AD93E

Қырғызстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында елдің Ұлттық банкі басқармасы 11 наурызда «Коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, республиканың микроқаржы және микрокредиттік компанияларына қатысты қолма-қол шетел валютасымен операция жасауға уақытша шектеулер туралы» қаулы қабылдады, – делінген хабарламада.

Осы қаулыға сәйкес, Қырғызстан Ұлттық банкінің лицензиясы бар комбанктер, айырбастау бюролары, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға 2022 жылғы 11 наурыз күні сағат 17:30-дан бастап АҚШ долларын Қырғызстаннан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салынды.

Дереккөз: baq.kz

Сурет: rus.azathabar.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале