4.04.2024, 16:00
Оқылды: 54

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстанның қарғын судан зардап шеккен аумақтарына Қырғызстан гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап.

жп продукт (5)

Қырғыз Республикасының Парламент отырысында премьер-министр Ақылбек Жапаров Қазақстанның табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарына қажетті заттар жинала бастағанын мәлім етті.

Қазақстандықтарға Қырғызстанда өндірілген азық-түліктер жіберіледі.

Жапаров атап өткендей, Қазақстан гуманитарлық көмек жіберу туралы өтініммен жүгінбеген. Алайда Қырғызстан 2 ақпан күні түнде Бішкектегі ЖЭО-дағы апат кезінде бауырлас ел көрсеткен қолдау шараларын ұмытпайтынын айтты.

- Мен Өзбекстан, Түркіменстан және Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Президентіміздің көршілес мемлекеттермен жақсы қарым-қатынасының арқасында олар біз көмек сұрамай жатып, қол ұшын созды, - деді Қырғыз Республикасы Үкіметінің басшысы.

Сонымен қатар ол 8 сәуірде Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстанға келетінін айтты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанадан өңірлерге 50 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале