26.06.2024, 0:00
Оқылды: 185

Қырғызстан Қазақстанға су беру көлемін ұлғайтады

Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді.

Без названияФото: ult.kz

«Республиканың егіс алқаптарының негізгі бөлігі оңтүстік өңірде орналасқандықтан, министрлік трансшекаралық өзендердің суын пайдалану мәселесінде көрші елдермен маңызды келісімдерге қол жеткізді. Мәселен, елімізге биылғы суару кезеңінде су шаруашылығы жағдайы қолайлы болса Сырдария өзені арқылы 3,9 млрд текше метр, Өзбекстаннан «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр, Қырғызстаннан Шу және Талас өзендері арқылы 560 млн текше метрден астам су келуі тиіс», - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бүгінгі таңда Қырғызстан су ресурстары министрлігінің басшылығымен Шу және Талас өзендері бойынша су беру көлемін ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта екі елдің су ведомстволары Қазақстанға су беру кестесін ұлғайту үшін жұмыс кестесіне түзету енгізу жұмысын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды. Жиналған судың 12 млрд астамы – тасқын суы. Суару кезеңі басталғалы елдегі 20 мыңнан астам шаруа суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етілген.

Kazinform

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале