2.08.2022, 16:15
Оқылды: 52

Қырғызстанда қайын атасы келінін ұрып-соғып, зорлаған

Қырғызстанда Созақ полициясына әйел арыз жазып, өзін қайын атасының зорлағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

01

Прокурордың көмекшісі Нұрайым Қатағанованың сөзінше, арыз мамырда түскен. Сөзінше, күйеуінің әкесі оны ұрып, кейін зорлаған. Аталған дерек бойынша тергеуге дейінгі тексеріс басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптама әйелдің зорланғанын және соққыға жығылғанын растаған.

Тексеріс нәтижесі бойынша "Зорлау" бабымен іс қозғалған. Прокуратура өкілдері тергеудің аяқталып, материалдар сотқа жіберілгенін мәлімдеді. Ал қайын атасы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале