21.10.2022, 16:00
Оқылды: 45

Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

Қырғызстанда балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырау фактісінің өсуіне байланысты Қырғыз Конституциясында педофилдерге жаза ретінде өлім жазасын қарастыру ұсынылды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің сайтына сілтеме жасап.

221021101903852e
 Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында ғана 14 жастағы кәмелетке толмаған балаға қатысты 1 кісі өлтіру (зорлау, жыныстық құмарлықты күштеп қанағаттандыру), 35 зорлау фактісі (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 15 жағдай, 14-тен 18-ге дейін 20), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың 25 жағдайы (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 16 факт, 14 жастан 18 жасқа дейін-9) тіркелген.

Аса ауыр жағдайлардың көбею тенденциясы, оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстар қоғамды он сегіз жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасағандарға өлім жазасын қайтару жөнінде терең ойлануға мәжбүр етті.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің 61 депутатынан тұратын топ Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале