24.08.2021, 12:07
Оқылды: 111

Қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы Тамыз конференциясының пленарлық сессиясында айтты.

618210d0b067336b922b48e19713b27f

2021 жылғы қыркүйектен бастап педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жүйесі өзгереді. Осыған қатысты пікірталас көп болды. Біз сарапшылармен талқылап, бір шешімге келдік. Жақында бұйрыққа қол қойылды. Егер осыған дейін педагогтерді мектеп директоры қабылдаса, қазір олар конкурс арқылы электронды форматта өтеді. Нақты талаптар бар. Сол бойынша мектеп пен комиссия педагогтерді жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылдайды, - деді ол.

Министр қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің директорларын тағайындау жүйесі де өзгеретінін айтты.

Бұл балалар үйі мен колледждерге, мектептерге де қатысты. Бізде бір орында 25-30 жыл істейтін жетекшілер бар. Бұл көп жағдайда тиімсіз болады. Жаңа тағайындау жүйесі жетекшілердің жұмыс тиімділігін арттырады деп ойлаймыз. Қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің директорларына алғаш рет ротация енгізіледі. Ротация маңызды қадам болып есептеледі. Бұйрыққа қол қойылды. Ол қыркүйекте өз күшіне енеді, - деді Асхат Аймағамбетов.

Baq. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале