10.01.2025, 16:45
Оқылды: 205

Қыс қарлы болады деген мәлімет бар, тасқынға дайындаламыз - ТЖМ

Елімізде көктемгі су тасқынын болжау және алдын алу шараларына дайындық жұмыстары аяқталып қалды. Толығырақ Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомет Ахриев айтып берді, - дейді KAZINFORM

a9fffde9-c067-4bc3-8220-6fb20453d961

Сурет: inform.kz

- Су тасқынына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Тасқынмен күрес іс-шараларына қанша күш пен қаражат жұмсалатынын нақты білеміз. Шамамен 40 мың адам тартылады. Сондай-ақ, ақпан айының 5-6-да «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл оқу-жаттығу жаңа форматта өтеді. Осылайша, ақпан айында оңтүстік және батыс аймақтарда, ал наурызда солтүстік және басқа да өңірлерде оқу-жаттығу өткізгелі отырмыз, - деді Магомет Ахриев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

ТЖМ өкілінің айтуынша, штаб Атырау облысында болады.

- Су тасқыны болжамына келсек, біз қиын жағдайға дайындалып жатырмыз. Бізде биыл қыс қарлы болады деген мәлімет бар. Қалай болғанда да, біз қиын сәтке дайындалып, қалай болатынын қарастырамыз, - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале