20.02.2022, 11:00
Оқылды: 50

Қысқы Олимпиаданың соңғы күні қанша медаль сарапқа салынады

Бейжіңде өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарының соңғы күні, яғни 20 ақпанда 5 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жалпы, 2022 жылғы қысқы Олимпиадада 109 медаль ойнатылуда. Қазір оның 104-і өз иелерін тапты. Ертең қалған 5 медаль жиынтығының иелері анықталады.

220131143449207eАйталық Норвегия құрамасы 15 алтын, Германия 11 алтын, Қытай 9 алтын медаль жеңіп алса, АҚШ, Швеция, Нидерланд 8 «алтыннан» қанжығаларына байлады. Ал Швейцария 7 алтын, Ресей мен Австрия құрамалары 6 алтын, Франция 5 алтын жүлдені қоржындарына салды.

Канада – 4, Жапония 3 алтын медаль жеңіп алды. Италия, Оңтүстік Корея, Словения және Жаңа Зеландия 2 «алтыннан» меншіктеді. Финляндия, Австалия, Венгрия, Бельгия, Чех Республикасы және Словакия елдерінің еншісінде бір-бір алтын медальдан бар.

Ертең Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні. Өкінішке қарай, Қазақстан қоржыны әзірге бос тұр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жексенбі күні 3 спортшымыз сынға түседі. Шаңғы жарысынан Ангелина Шурыга, Ирина Быкова және Надежда Степашкина 30 шақырымға масс-стартта бақ сынайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале