17.12.2024, 17:45
Оқылды: 281

Қытай әуе компаниялары 700 миллион жолаушы тасымалдап жаңа рекорд орнатты

Қытайлық әуе компаниялары 2024 жылы 700 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды. Бұл туралы caacnews.com агенттігі хабарлады, деп жазды ҚазАқпарат.

IMG_5414

Сурет: freepik.com

Қытайдың азаматтық авиация саласын бақылау деректері бойынша, биылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша қытай әуе компаниялары 700 миллион 480 мыңнан астам жолаушы тасымалдап, ал орташа тәуліктік жолаушы тасымалы 2 миллионнан асып, бір жыл бұрынғыдан 18,1 пайызға артты, 2019 жылмен салыстырғанда 10,7%-ға өсті.

Бұл Қытайдың азаматтық авиациясының даму тарихындағы жаңа рекордты көрсетті.

Статистика көрсеткендей, 2024 жылы Қытайдың ішкі бағыттары шамамен 640 миллион жолаушы тасымалдайды, бұл 2023 жылдан шамамен 13% және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 14% өсу.

Халықаралық бағыттағы жолаушылар ағыны да айтарлықтай жақсарып келеді. Есепті кезеңде қытайлық әуе компаниялары халықаралық бағыттар бойынша 60 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, бұл откен жылмен салыстырғанда 130%-дан астамға артып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 88%-ға дейін қалпына келген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале