11.10.2025, 15:00
Оқылды: 238

Қытай ауыл шаруашылығындағы апат салдарын жоюға 484 млн юань бөлді

Қытай билігі ауыл шаруашылығындағы табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою шараларын қолдау үшін орталық бюджеттен 484 миллион юань (шамамен 68,12 миллион АҚШ доллары) жұмсады, деп жазады Синьхуа.

f6a82fa6-c6aa-4c4b-a7a1-0a8aa3f4944c

Фото: Синьхуа

Бұл туралы жұма күні ҚХР Қаржы министрлігі хабарлады.

Аталған қаражат Қаржы министрлігі мен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі тарапынан Хэбэй, Шаньси, Цзянсу, Аньхой, Шаньдун, Хэнань және Шэньси провинцияларындағы тиісті жұмыстарды қолдауға бағытталады.

Бұл қаражат ауыл шаруашылық техникалары арқылы астық жинау жұмыстарын жеделдетуге, дымқыл астықты кептіруге және су астында қалған егістік алқаптарды құрғату шараларына жұмсалады. Бұл күзгі астық өнімін толық жинап алуға мүмкіндік береді.

ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің хабарлауынша, жұма күнгі жағдай бойынша елдегі күзгі астықтың жартысынан астамы жиналған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале