14.10.2021, 9:50
Оқылды: 17

Қытай коронавирус эпидемиясы туралы жасырған ба – stopfake анықтады

Әлеуметтік желілерде коронавирусқа шалдыққан алғашқы науқас туралы әлемге жарияланған кезде Қытайда індет өршіп тұрғаны туралы хабарлама тарады. Ақпаратқа сәйкес, коронавирус эпидемиясы Қытайда 2019 жылы жазда басталып кеткен. Себебі осы уақытта ел билігінің ПТР-сынаққа жұмсаған шығыны күрт артқан. Австралиялық-америкалық киберқауіпсіздік жөніндегі компания жиналған мәліметтер негізінде осындай қорытынды жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

211014100122292e

Сарапшылардың пікірінше, эпидемия ертерек басталғанын айту үшін бұл мәліметтер жеткіліксіз. Киберқауіпсіздік жөніндегі компанияның зерттеуіне сәйкес, Хубей провинциясында 2019 жылы жазда ПТР тестілеу жабдықтарын сатып алудың күрт өскені байқалды. Вирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелген Ухань қаласы осы провинцияда орналасқан. «Internet 2.0» компаниясының зерттеуі негізінде «пандемия Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын COVID-19 туралы хабарлағаннан әлдеқайда ертерек басталды» деген қорытынды жасалған. Медициналық сарапшылар БАҚ-та осы мәселе бойынша пікірлерін білдірді.

Олардың айтуынша, Internet 2.0 есебінде мұндай қорытынды жасау үшін ақпарат жеткіліксіз, өйткені ПТР зерттеу әдісі ондаған жылдар бойы қолданылып келеді және жыл сайын кеңінен пайдаланылуда. Жабдық көптеген заманауи ауруханалар мен зертханаларда адамдарда ғана емес, жануарларда да көптеген басқа қоздырғыштарды сынау үшін қолданылады. 2019 жылы Қытайда африкалық шошқа обасы өршіп тұрғанын айта кетейік. Джонс Хопкинс Денсаулық сақтау орталығының аға ғылыми қызметкері доктор Амеш Адаля ПТР тестілеу «патогендерді анықтау әдісіне» айналғандықтан ПТР жабдықтарын сатып алу COVID-ке дейін де артқанын айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігі «Internet 2.0» компаниясының қорытындыларымен келіспейді.

111-7

«Вирустарды бақылау – ғалымдар айналысуы тиіс маңызды ғылыми мәселе. … Қытайлық індетке қарсы науқан барша әлемге белгілі, бәрі айқын, фактілер уақыт пен тарихтың сынақтарына төтеп беруде», – деп түсіндірді ҚХР СІМ баспасөз хатшысы Bloomberg-ке.

Демек, COVID-19 пандемиясы 2019 жылы жазда басталғаны туралы тұжырым – дәлелсіз. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде таратылған хабарламада 2018 жылы Ухань институтының вирусологтары басқа коронавирустардың бөлшектерінен тұратын вирусты қолдан жасап, одан кейін оған қарсы вакцина әзірлемек болғаны айтылады. Бұл – жалған мәлімдеме. SARS-CoV-2 табиғи вирус екені зерттеулермен расталған, бүгінгі күні оның зертханада жасалғанына нақты дәлелдер жоқ. Ол алғаш рет 2019 жылы желтоқсанда пневмониямен ауырған науқаста нуклеин қышқылын талдау нәтижесінде анықталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале