20.12.2021, 10:50
Оқылды: 19

Қытай коронавирустың пайда болғаны үшін өтемақы төлеуі керек – Трамп

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп коронавирустың пайда болғаны үшін Қытай әлемге өтемақы төлеуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

news_full163997117213b7db0140518c79950e54de03aa2fc8

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Қытайдың әлемге жасағанын "сұмдық" деп атап, жалпы келтірілген зақымды 60 триллион долларға бағалады.

"Вирустың шыққан жері барлығына белгілі деп ойлаймын. Ол уханьдық зертханада пайда болды. Бұлай ойламайтын адамдар өздерін алдап келеді. Қытай репарация төлеуі қажет, алайда оларда ақша жоқ. Тек АҚШ жайлы айтып отырған жоқпын, әлемге келтірілген зиян 60 триллион доллар. Қытайда мұндай ақша жоқ. Бірақ олар бір шара қабылдауы керек. Әлемге жасағандары сұмдық. Мұның шегі де жоқ", - деп мәлімдеді Трамп.

Сонымен қатар Трамп пандемия басталғанға дейін Қытай басшысы Си Цзиньпинмен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты. Fox News эфирінде Трам Си Цзиньпинді "кісі өлтіргіш" деп атаған журналистпен де келісті.

Бұрынғы президент Джо Байденді сынға алды. Оның сөзінше, демократ пандемияны тоқтату үшін ештеңе істемеген.

"Бүгін тіркелген жағдайлар бойынша рекорд орнады. Адамдар Байденге сенбегендіктен, вакцина алып жатқан жоқ", - деп қосты ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале