3.07.2024, 12:16
Оқылды: 90

Қытай Президентінің Қазақстанға сапары әлем баспасөзінің назарында

ҚХР төрағасы Астанаға және Тәжікстанға баратыны жөнінде Жапонияның «Эн-эйч-кей» телекомпаниясы хабар таратты. Онжда Қытай лидерінің Орталық Азияға сапары сейсенбіден сенбіге дейін жалғасатыны айтылды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

31CCD18D-6B06-4F60-B6FB-73F671166DCF

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметінен

Үндістанның «Хинди» басылымында ШЫҰ саммитінде Ауғанстандағы жағдай, Украинадағы әскери қақтығыстар және қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланатыны жазылған.

Қытайдың «Халық» газеті бұл сапар жайлы «Қытай мен Қазақстан арасындағы мыңжылдық достық жалғассын» деген атпен мақала жариялады. Онда екі елді 1700-шақырымдық ортақ шекара, 2000 жылдық алыс-беріс және ежелгі Жібек жолы байланыстыратыны айтылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана әуежайында Қытай басшысын қарсы алғандығы туралы Ресейдің «Интерфакс» агенттігі, Түркияның «Йені Шафах» газеті, сондай-ақ басқа да әлемдік БАҚ мақала жариялаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале